Жол қауіпсіздігін күшейту: Әскери полиция жасағы қандай шара қолданады?

«Өміріңді сақта» акцисы аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсартуға мүмкіндік беретін ұсыныстар қабылданды

Sarbaz.kz редакторы
30/10/2023 - 18:55

Фото авторы: Думан Жұмашұлы

Фото авторы: Думан Жұмашұлы

Приозерск гарнизонының әскери полициясы жасағының өкілдері осы ганизонда орналасқан 60601 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің жекеменшік автокөліктерінің жағдайын тексерді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қазіргі таңда әскери қызметшілердің жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Бұл ретте әскери полиция жасағының өкілдері жол қозғалысы қауіпсіздігінің қазіргі жай-күйі мен осы мәселе төңірегінде, соның ішінде жолда жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту мәселесі жөнінде пікір алмасты.     

«Өміріңді сақта» акциясы аясында әскери қызметшілердің әскери және жеке көлікті жүргізу қауіпсіздігін талдау бойынша Приозерск гарнизоны Әскери полиция жасағының әскери-автомобильдік полиция бөлімінің бастығы, капитан М.Артықбаев жеке құрамға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Іс-шара барысында жеке құрамға даярлау сапасын арттыруға және жалпы жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсартуға мүмкіндік беретін ұсыныстар қабылданды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91