Аягөзде өрт шыққан үйден төрт баланың денесі табылды

Оқиға кеше 25 қазан күні болған

Sarbaz.kz редакторы
26/10/2023 - 15:31

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

2023 жылғы 25 қазанда сағат 10:49-да Төтенше жағдайлар басқармасының күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінде түтін шыққандығы туралы хабар келіп түсті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнына 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы жедел жетті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 шаршы метр аумақта жиһаздар мен жеке заттары жанғанын анықтады. Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.

Оқиға орнынан төрт баланың денесі табылды.

Өлімнің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізуде.

Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетілуде.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.93  534.96  5.16