Азия пара ойындары. Қазақстан командасы бір күнде 6 медаль жеңіп алды

Админ
25/10/2023 - 16:25

gov.kz

gov.kz

Осы күндері Қытайдың Ханчжоу қаласында IV Азия пара ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 6 медаль жеңіп алды, оның ішінде 2 – алтын, 1 – күміс және 3 – қола. 
 
Осылайша, пара дзюдодан Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынға жайғасты.
 
Алтын медальді Ерғали Шамей (J1 санаты) және Олжас Оразәліұлы (J2 санаты) жеңіп алды. Ал күміс медаль иегері - Асылан Нұрдәулетов (J1 санаты). Қола жүлде Динара Куджулова (J1 санаты), Бауыржан Арыстанбеков (J1 санаты) және Даяна Федосова (J2 санаты) сынды спортшылардың еншісінде.

Айта кетейік, пара дзюдо бойынша жарыстар 26 қазанға дейін жалғасады.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07