Душанбеде Достастыққа қатысушы мемлекеттер қарулы күштері байланыс бастықтарының қатысуымен үйлестіру комитетінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Оған Байланыс департаментінің бастығы полковник Асан Ақышевтің басшылығымен Қазақстан делегациясы қатысты.
Отырыста үйлестіру комитетінің 2023 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылып, 2024 жылға арналған бірлескен қызмет жоспарлары түзетілді. ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесін құру және дамыту мәселелері қаралды.
Кездесуге қатысушылар Достастық Қарулы күштерін бірлесіп даярлау іс-шараларын қамтамасыз ету кезінде байланыс бөлімшелері органдарының өзара іс-қимыл нысандары мен тәсілдерін жетілдіру қажеттігін атап өтті.
Қабылданған шешімдер жалпы және ұлттық мүдделерді ескере отырып, әскери байланыс саласындағы көпжақты әскери ынтымақтастық жүйесін дамытуға бағытталған.