Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстанның ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Админ
21/10/2023 - 22:24

gov.kz

gov.kz

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов бастаған делегация Өзбекстанның қорғаныс ведомствосында болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Өзбекстан Қорғаныс министрлігі Халықаралық әскери ынтымақтастық бас басқармасының бастығы подполковник Зафаржон Тохировпен штабтық келіссөздер өтті.

Тараптар ағымдағы жылғы өзара іс-қимылды қорытындылап, қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарының жобасын талқылады.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4