Әскери ұшқыштар елордалық оқушыларға тәжірибесімен бөлісті

Олар мектеп оқушыларымен кездесу өткізді

Sarbaz.kz редакторы
20/10/2023 - 21:51

Астана қаласының № 9 мектеп-гимназиясында ерекше сабақ өтті. Мектеп басшылығының шақыруымен Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының офицерлері оқушылармен кездесті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Олар мектеп оқушыларына Қазақстанның Қарулы күштері, әскери қызметшілер, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, азаматтардың Отан алдындағы жауапкершілігі сияқты сезімдердің маңыздылығы туралы айтып берді.

«Қоғамдағы кез келген адамның бойындағы рухани әлеует пен патриотизм бүкіл елдің маңызды қозғаушы күші болып саналады. Патриотизм біртіндеп қалыптасады. Оның негізі – отбасы мен мектепте, одан кейін институтта, әскерде және жалпы қоғамда қаланады», – деп атап өтті Тәрбие және идеологиялық жұмыс бас басқармасының аға офицері подполковник Еділ Ноғайбаев.

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу ісінде оң нәтиже беретін мұндай ерлік сабақтары еліміздің барлық мектептерінде өткізіледі.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41