Астанадағы Бас әскери клиникалық госпитальде күрделі ота жасалды

Мұндай күрделі операция Қазақстанда алғаш рет жасалып отыр

Sarbaz.kz редакторы
16/10/2023 - 18:44

Астана қаласындағы Бас әскери клиникалық госпитальде медицина қызметінің майоры Дастан Кенжерахманов күрделі ота жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Аталмыш госпитальде ерекше әрі ауыр ота түрі жасалды. Науқастың екі бүйрегінен бір уақытта тастар алынып тасталды. Мұндай күрделі операция Қазақстанда алғаш рет жасалып отыр. Сол себепті ота барысын еліміздің түкпір-түкпіріндегі мамандар онлайн режимде бақылап отырды.

Отаны 10 жылдам астам уақытын дәрігерлікке арнаған медицина қызметінің майоры Дастан Кенжерахманов жасады.

«Кесу арқылы бүйрекке түсіп, ондағы екі жақтағы тастарды алып тастадық. Бір жағынан теріден бір сантиметрлік тесік арқылы алсақ, екінші жағынан кіші дәрет жолдары арқылы жоғары қарай барып екінші жағынан алдық. Ол екі ота да бір наркоз аясында өтті. Бас-аяғы үш сағатқа созылды. Науқас бес тәуліктен кейін үйіне шықты. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Ары қарай тас пайда болмауы үшін дәрілік ем қолданылып жатыр», - дейді ҚР ҚМ Бас әскери клиникалық госпиталі урология бөлімшесінің бастығы Дастан Кенжерахманов.

Бұл мекеме офицерлер, сержанттар мен сарбаздардың денсаулығын қадағалайды.

 

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85