Қазақстандық әскерилер Беларусьта өткен қоян-қолтық ұрыс чемпионатында жеңіске жетті

Админ
15/10/2023 - 19:32

gov.kz

gov.kz

Беларусь Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштері қолбасшысының жүлдесіне өткен армиялық қоян-қолтық ұрысының 11-ші ашық чемпионатында қазақстандық жауынгерлер жалпыкомандалық есепте жеңіс тұғырының бірінші сатысынан орын алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Жарысқа 16 команда құрамында 112 спортшы қатысты. Әскери қызметшілері арасындағы жекпе-жектер жеті салмақ дәрежесінде өтті. 

Жауынгерлік шеберлікті арттырудың, әскери қызметшілердің күш-қуатын, ерік-жігерін және төзімділігін дамытудың тиімді әдісі саналатын армиялық қоян-қолтық ұрысы жылдан-жылға танымал болып келеді. Ашық чемпионатта жекпе-жектен нәтижелі сынға түсу – осының дәлелі, – деді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы подполковник Арман Әбеуов. 

Чемпионатта қазақстандық спортшылар сержант Айдын Нұридинов, кіші сержант Олжас Ержан және капитан Вадим Федосеев өз салмақтарында табандылық пен мықтылықтың рухын көрсетіп, жеңіске жетті. Лейтенант Арман Ерменбет екінші орын еншіледі. 

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85