Қорғаныс министрлігі Digital Bridge 2023 халықаралық форумының сессиясында көрме ұйымдастырды

Админ
14/10/2023 - 16:27

gov.kz

gov.kz

Елорданың EXPO халықаралық көрме орталығында Қазақстанның ұшқышсыз басқарылатын аппараттары мен шағын авиациясын дамытуға арналған панельді сессиясы өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оны еліміздің қорғаныс ведомствосы, «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ Astana Hub-пен бірлесіп ұйымдастырды. Шараға мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, даму институттарының, корпорациялардың, шағын және орта бизнестің өкілдері, еншілес инвесторлар, өнертапқыштар, техникалық жоғары оқу орындарының ғалымдары мен студенттері қатысты.

Қорғаныс министрлігі Defence Tech – қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы идеялар мен технологияларды іздеумен белсенді түрде айналысып келеді. Болашаққа қажетті жобалар төңірегінде білім алу, қаржылық және әкімшілік қолдау алу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Келешекте осындай жобаларды гранттық және инвестициялық қаржыландыруды ұсыну бойынша бірыңғай жүйе құру да бар. Ол үшін қорғаныс ведомствосы барлық деңгейдегі мүдделі тараптармен ынтымақтастықты дамытпақ, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Панельді сессияда Turkish Aerospace UAV «Anka» (Түркия) ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар бағдарламаларын дамыту жөніндегі басшысы Эрол Оғыз, «KazAeroSpace» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Бағлан Қазиев, MRSI Holding Group (ҚХР) негізін қалаушы және техникалық директоры Лян Ма сөз сөйледі.

Форум аясында ҚР Қорғаныс министрлігі қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы отандық инновациялық әзірлемелері көрсетілген Defense Tech көрмесін ұйымдастырды.

Үш өлшемді «Геотактика» жаттықтыру кешені артиллеристердің, танкистердің және ұшқыштардың қару-жарақты басқаруға және тактикалық машықты меңгеруіне арналған. Бұл жаттықтырғыш снарядтың аэродинамикалық процестерінен бастап нысанды реттеп көздеуге дейін толық оқу циклін аяқтауға мүмкіндік береді.

Beren антидрон зеңбірегі сәуленің көмегімен барлық дрондық жүйелерді өшіріп, оны басқарылмайтын ете алады. Бұл құрылғыда шетелдің осындай антидрондарымен салыстырғандағы әсер ету жиілігі едәуір ауқымды. 

Панельді сессияны ұйымдастыру қатысушыларға тәжірибе алмасуға, қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы инновациялық жобаларды дамытуға және олардың қолдауға қажетті жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91