Оның ұлы Мемлекеттік күзет қызметі сапында борышын өтейді
Танымал журналист, блогер Динара Сәтжан ұлы Даниал Өскенбайды әскерге шығарып салды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Оның ұлы Мемлекеттік күзет қызметі сапында борышын өтейді.
«Армия – бұл төзімді болуға үйрететін өмір мектебі. Менің өзіме ұнайтын «шыдамдылық біткен жерде, төзімділік басталады» деген сөз бар. Ер адамдар үшін бұл өте маңызды. Балалар үшін бұл интернетсіз, гаджетсіз өтетін бір жыл болмақ. Алайда бұл уақыт текке кетпейді, Отанға, өзіңе арналатын жыл. Мұндай кезеңнен кез келген адам өтуі керек деп ойлаймын», – деді ол.