Түркістан облысында өрт сөндірушілерге 26 көлік тапсырылды

Жаңа техника республикалық және жергілікті бюджет есебінен алынды

Sarbaz.kz редакторы
11/10/2023 - 15:54

Түркістан облысы ТЖ департаментіне 26 бірлік өрт сөндіру автомобилі берілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Жаңа техника республикалық және жергілікті бюджет есебінен алынды.

Соңғы бес жылда Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық базасын нығайту мақсатында бюджеттен 67 бірлік техника алынды.

Жаңа құтқару техникасы ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға көмектеседі.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91