Курс Францияның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиясының қолдауымен ұйымдастырылған
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің бітімгершілік операциялар орталығында әскери қызметшілер француз тілін үйренеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің арасынан он тыңдаушы француз тілін үйрену курсын игеруге кірісті. Курс Францияның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиясының қолдауымен ұйымдастырылған. Оны Алматы қаласындағы «Француз Альянсы» мәдени-білім беру орталығының оқытушылары жүргізеді.
– Келесі жылы осы курсты жалғастырып, тыңдаушылардың тілді меңгеру деңгейін В1 деңгейіне көтеруді жоспарлап отырмыз, - деп нақтылады орталықтың тілдерді даярлау басқармасының аға офицері майор Эдуард Хе. – Курсты игеру қазақстандық әскери қызметшілерге жергілікті халықтың негізгі қарым-қатынас тілі француз тілі болып саналатын Африка елдеріндегі бітімгершілік миссияларға қатысуға мүмкіндік береді.
Қарқынды үш айлық курсты аяқтағаннан кейін әскери қызметшілер француз тілін A1-A2 базалық деңгейінде меңгеруі керек.