Әскери борышын өтеуден жалтарғандарға қандай жаза қолданылады?

Заң бойынша бірқатар жаза қарастырылған

Ұлас Үсенбай
12/07/2023 - 22:55

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Жоқ жерден себеп іздеп әскерге барудан бас тартып жүргендер қатары аз емес. Отан алдындағы міндетін орындаудан қашқаны үшін қандай жаза қарастырылған. Sarbaz.kz тілшісі осы мәселеге тоқталып өтпек.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әскерге шақырылушының мерзімді әскери қызметін өткеруден жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Мәселен 18-27 жастағы әскери есепте тұрған азамат, жергiлiктi әскери басқару органының шақыртуында көрсетілген уақытта себепсіз келмесе 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынады. Алайда міндетінен құтылмайды, айыппұл төлеп, бәрі бір әскерге қайта шақырылады.

«Әскери болышын өтеуден қасақана қашқандар үшін Қылмыстық кодекстің 387-бабына сәйкес жазаланады. Әскери қызметтен жалтарғандарға 1 000 АЕК  көлемінде айыппұл салынады немесе  бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады», - дейді ҚР ҚК БШ ҰЖЖД бастығының орынбасары, полковник Руслан Омаров.

Әскерге бармаудың жолын іздеп, денсаулығына қасақана зиян келтіргендер,  денсаулығының жарамсыз екені туралы жалған құжат жасау немесе өзге де алдау арқылы әскерден жалтарғандарға жаза қатал. Олар 3 000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл төлейді. Сондай-ақ 800 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 3 жылға қамауға алынады. Шақырту қағазы бойынша медициналық куәландырудан не тексерілуден жалтарған азаматтарға да ескерту жасалады немесе 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Тегтер

×

Редакция

$ 477.03  521.44  5.43