Астанада аялдамада тұрған адамдарды көлік қағып кетті

Оқиға салдарынан зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді

Sarbaz.kz редакторы
29/09/2023 - 18:11

Астана полициясы елордадағы аялдамада болған жол апатының мән-жайы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Айта кетейік, бүгін таңертең Байтұрсынұлы көшесіндегі аялдамада тұрған адамдарды көлік қағып кеткен болатын.

«29 қыркүйек күні сағат 08:31-де Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Байтұрсынов көшесімен Жүргенов көшесіне қарай жүріп, қайта құру кезінде Mazda маркалы автокөлікке апаттық жағдай туғызды. Mazda автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай аялдама кешеніне соқтығысты», - деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді, тергеу амалдары жүргізілуде.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.58  520.84  5.44