Олар 2021 жылдан бері іздеуде жүрген
Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
ІІМ баспасөз қызметі 2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 54 жастағы Өзбекстан азаматы Отырар ауданында ұсталғанын мәлімдеді. Ер адам өз елінде «Ұрлық» бабы бойынша көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілген.
Бір тәуліктен кейін алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы Өзбекстанның тағы бір азаматы ұсталды. Іздеуде жүрген екі қылмыскер де деструктивті діни ағымның жақтаушысы ретінде есепте тұр.
Оларға қатысты тиісті процессуалдық шешім қабылданады.