Қазіргі уақытта қанша абонент энергиядан ажырап қалғаны белгісіз
Қарағанды тұрғындарының басым бөлігі жарықсыз қалды. Жергілікті билік төтенше жағдайды жоюмен айналысып жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта қанша абонент энергиядан ажырап қалғаны белгісіз. Себебі анықталып жатыр.
«Қорғаныс тетігінің іске қосылуынан ЖЭО-3-те технологиялық ақау туындады, салдарынан 220 кВ-тық Ашық тарату құрылғысы тоқтап қалды. Себебі мен мән-жағдай анықталып жатыр, сондай-ақ жарықсыз қалған абоненттер саны да нақтылануда», - деді қала әкімдігінің баспасөз қызметінде.