500 мың теңге пара: ТЖМ лауазымды тұлғалары сотталды

Олар жемқорлықпен айналысқан

Sarbaz.kz редакторы
27/09/2023 - 23:38

Фото: Sputnik

Фото: Sputnik

Қазақстан Республикасы Әскери сотының апелляциялық алқасы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Р. Қасыбаевқа үкім шығарды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сотталушы мердігер ұйымға нақты орындалмаған жұмыс көлемі үшін еңбекақының толық құнын заңсыз төлеген және техникалық қадағалаудың оң қорытындысынсыз қаланың өрт сөндіру бөлімдерінің бірін пайдалануға қабылдаған.

Ол билікті теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.

Қызылорда облысында ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары Б. Стамқұловқа қатысты үкім шықты.

Стамқұлов Н.Оразбаховтан делдал А.Атажанов арқылы жеткізушіні таңдау кезінде артықшылық көрсеткені және газ толтыру пункттері бойынша жобалық құжаттарға кедергісіз қол қойғаны үшін 500 мың теңге сомасында пара алған деп танылды.

Сонымен қатар, Стамқұлов лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану арқылы ҚР ТЖМ лауазымды тұлғаларына кездесулер мен бос уақытты ұйымдастыру сылтауымен өзінің бағынысты 4 қызметкерінің 100 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иеленген.

Оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осы үкіммен пара беруші Н. Оразбахов 3 жыл мерзімге, делдал А. Атажанов 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандарға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарда жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салынады.

Үкімдер заңды күшіне енбеді.

Тегтер

×

Редакция

$ 491.71  529.97  5.05