Ол 1967 жылы Семей облысында туған
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов елордалық ТЖД жаңа бастығын жеке құрамға таныстырды. Министр бұйрығымен Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметіне Марат Күлдіков тағайындалды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Департаменттен мәлім еткендей, Марат Күлдіков 1967 жылы Семей облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін және ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын бітірген.
Марат Күлдіков 1967 жылы Семей облысында туған. 1994 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін «өрттен қорғану техникасы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша, 2000 жылы ҚР ТЖК Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Семей қаласын күзету жөніндегі ІІБ №79 әскерилендірілген өрт сөндіру бөліміне бағынысты өрт сөндіруші болып бастады.