Үсік, тұман, найзағай, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің шығысында 28-29 қыркүйекте түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік сақталады

Sarbaz.kz редакторы
27/09/2023 - 20:34

Фотолар ашық дереккөзден

Фотолар ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 28-30 қыркүйек күндеріне арналған ауа райына болжамын жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн райының құбылмалы сипаты сақталып, жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі.

Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз күн райы әлі де сақталады.

Түнде және таңертең елдің солтүстік жартысында, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман күтіледі.

Еліміздің шығысында 28-29 қыркүйекте түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.

Температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы күндіз 17-23 жылыға дейін, таулы аудандарда 8-13 жылыға дейін біртіндеп төмендейді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85