Теміртауда пәтер өртеніп, ер адам мен 8 жасар қыз бала көз жұмды

Оқиға 9 қабатты үйдің екінші қабатында болған

Sarbaz.kz редакторы
12/07/2023 - 17:39

Көрнекі фото ашық дереккөзден

Көрнекі фото ашық дереккөзден

Теміртау қаласында пәтер өртеніп, 32  жастағы ер адам мен 8 жасар қыз бала қаза тапты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 11 шілде күні сағат 19:57-де Қарағанды облысы Теміртау қаласында болған. 9 қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерде 5 шаршы метр аумақта үй заттары, жиһаз жанған.

«Өрт сөндірушілердің күшімен 1991 жылғы пәтер иесі және оның 2015 жылғы жиені жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Өкініштісі, реанимациялық шаралар зардап шеккендерге көмектеспеді. Ер адам мен қыз бала қайтыс болды. Өрт сөндірушілердің күшімен баспалдақпен 8 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды», - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 20:33-те сөндірілді.

Өрттің алдын ала себебі – ашық от көзі, балалардың отпен ойнауынан да болуы мүмкін.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91