ҚР ІІМ: Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша жыл сайын 100 мыңнан астам хабар түседі

Көбіне арыз жазбайды

Sarbaz.kz редакторы
26/09/2023 - 22:43

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Елімізде зорлық-зорбылық құрбандары, жәбір көрушілер өміріне қауіп төнген кезде полицияға хабарласады. Ал полицей барған кезде арыз жазудан бас тартады. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жыл сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 100 мыңнан астам хабар келіп түседі. Жәбір көрушілер отбасылық-тұрмыстық жанжалдар туралы ашық мәлімдейді. Дегенмен жәбірленушілердің 60%-ы арыз жазудан бас тартады, сол себепті полиция қызметкерлері тиісті шара қолдана алмайды. Мемлекет басшысы өткен жылғы халыққа жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде тапсырма берді. Президент тапсырмасын орындау мақсатында биыл 1 шілдеде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған жаңа заң күшіне енді», - деді Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха.

Оның айтуынша, жәбір көрушілер өміріне қауіп төнген кезде полициядан араша сұрайды, ал полиция қызметкері оқиға орнына барған кезде арыз жазудан бас тартады. Көбіне арыз жазбайды. Бұл бойынша өткен жылы 70 мыңнан астам факті тіркелген.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85