Шекарадан заңсыз өткен: Павлодар облысында Үндістанның үш азаматына қатысты қаулы шықты

Олар ары қарай Еуропаға баруды көздеген

Sarbaz.kz редакторы
26/09/2023 - 21:55

Ресейге заңсыз өтпекші болған Үндістанның үш азаматы ұсталып, оларға сот жаза тағайындады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Железин аудандық сотында Қазақстан Республикасының аумағынан заңсыз өту фактісі бойынша Үндістан азаматтарына қатысты үш әкімшілік құқықбұзушылық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, биыл қыркүйектің басында Үндістанның үш азаматы белгіленген өткізу пунктерін айналып, Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына өту мақсатында мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз өтуге тырысқан.

Сот отырысында Үндістан азаматтары кінәсін толығымен мойындап, Қазақстанға Біріккен Араб Әмірліктерінен келгенін, кейіннен Еуропаға баруды көздегенін жеткізді.

«Сот қаулысымен Үндістанның үш азаматы ӘҚБтК-нің 514-бабының 2-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу жазасы тағайындалды», – деді Железин аудандық сотының баспасөз қызметінде.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91