«Директор 1 млн теңге ұсынды»: баспалдақтан құлаған оқушының әкесі тың деректер айтты

Оқиға Астанадағы №14 мектепте болған

Sarbaz.kz редакторы
25/09/2023 - 23:39

Астанадағы №14 мектепте баспалдақтан құлаған оқушының әкесі оқиғаның айналасында болған кейбір жағдайлар туралы айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оқушының әкесі БАҚ өкілдеріне берген пікірінде жедел жәрдем оқиға орнына өте ұзақ уақыт жеткенін айтты. Сондай-ақ, оқиға туралы баланың ата-анасына кеш хабарлағанын айтты.

«Жедел жәрдемді бір сағат күттік. Ол 17:10-да шақырылды, ал жедел жәрдем 18:20-да келді. Бала баспалдақтан 17:10-да құлады, бізге бұл туралы 17:50-де хабарлады. Қырық минут ішінде олар баланы өздері алып жүрген», - дейді ер адам.

Оның айтуынша, мектеп басшылығы оған медициналық шығындардың аз мөлшерін ұсынды.

«Мектеп директоры миллион ұсынды. Одан артық бір тиын бере алмаймын дейді», - деді баланың әкесі.

Айта кетейік, Астанада №14 мектепте оқушы түсініксіз жағдайда басымен құлап, ауыр жарақат алғанын осыған дейін хабарлағанбыз.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4