Астанада баспалдақтан құлаған мектеп оқушысына жедел жәрдем жарты сағаттан соң барған

Денсаулық сақтау басқармасы баланың жағдайы туралы айтты

Sarbaz.kz редакторы
25/09/2023 - 18:53

Фотолар ашық дереккөзден

Фотолар ашық дереккөзден

Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мектеп баспалдағынан құлап, мертіккен балаға жедел жәрдем көлігі неліктен жарты сағатқа жуық жүріп барғанына түсінік берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«18 қыркүйек күні «103» пультіне Мәскеу, 23 мекенжайында орналасқан №14 орта мектептен шұғылдығы 3-санатты шақырту (жедел жәрдемнің жеткен уақыты – 29 минут) түсті. Пациент стационарға алдын ала хабарландыру арқылы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жатқызылды және медициналық алғашқы көмек толық көлемде көрсетілді. Ауруханаға түскен кезде барлық мамандар қарады», – дейді Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Оқушы қазіргі уақытта нейрохирургияның бейінді бөлімшесінде ем алып жатыр.

«Жалпы жағдайы ауырлықтың орташа деңгейінде, жақсару динамикасы бар. Бас сүйек-ми жарақаты хаттамасы бойынша ем алып жатыр. Қазіргі уақытта жедел емдеуді қажет етпейді», – деп атап өтті басқарма.

Осыған дейін Астанадағы №14 мектепте оқушы түсініксіз жағдайда баспалдақтан құлап, басымен түскенін жазған болатынбыз.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4