Астанада оқушы мектепте жүріп түсініксіз жағдайда баспалдақтан құлады

Қазір басқарма мектеп директорына қатысты шара қолдануды қарастырып жатыр

Sarbaz.kz редакторы
25/09/2023 - 17:59

Астанада №14 мектепте оқушы түсініксіз жағдайда басымен құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Видеоға көз жүгіртсек, мектепте бірінші, екінші, үшінші қабаттар арасында баспалдақпен жүру қаншалықты қауіпті екенін байқауға болады.

Оқиғаға байланысты елорданың Білім басқармасы баспалдақтан құлап кеткен мектеп-гимназия оқушысының жағдайына қатысты пікір білдірді. Білім басқармасы мәліметінше, Астанадағы №14 мектеп-гимназиясының оқушысы екінші қабатқа көтеріліп бара жатып баспалдақтан құлап кеткен.

«Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылды. Бала қалалық балалар ауруханасында жатыр. Есін біледі, жағдайы тұрақты. Комаға түскен жоқ», - деп хабарлады ведомство.

Басқарма қызметкерлері мектеп баспалдақтары қоршаулармен жабдықталғанын түсіндірді. Қазір басқарма мектеп директорына қатысты шара қолдануды қарастырып жатыр.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде баспалдақтан құлаған баланың үш күн бойы комада жатқаны туралы ақпарат пайда болған.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91