Сирияға отбасымен бірге көшіп кеткен қазақстандық алты жылға сотталды

2023 жылдың маусым айында ҰҚК жасағымен Қазақстанға жеткізілді

Sarbaz.kz редакторы
25/09/2023 - 17:23

Фотолар ашық дереккөзден

Фотолар ашық дереккөзден

ҚР ҰҚК Ұлытау өңірі тұрғындарының біріне қатысты терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздыру мен лаңкестік топтың әрекетіне қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Комитет мәліметінше Ұлытау облысы Сәтбаев аудандық соты тұрғынды осы қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғанын тергеу анықталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жері анықталып, содан соң шетелдік серіктестердің көмегімен оны ұстауға және 2023 жылдың маусым айында ҰҚК жасағымен Қазақстанға жеткізілуіне мүмкіндік туды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91