Алматыда түн ортасында алапат өрт болды

Жанып жатқан ғимараттан өрт сөндірушіні зембілмен алып шығарғаны айтылады

Sarbaz.kz редакторы
25/09/2023 - 15:50

Алматыда алапат өрт видеоға түсірілді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқырмандардың айтуынша, өрт Брусиловский көшесіндегі ғимаратта болған. Әлеуметтік желілерде бұл Төле би көшесімен қиылысы екені нақтыланады.

ТЖД-дан ақпарат әлі жоқ. Расталмаған мәліметтер бойынша, жанып жатқан ғимараттан өрт сөндірушіні зембілмен алып шығарған.

Куәгерлер өрттің сөндірілгенін айтты.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41