Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Админ
23/09/2023 - 15:16

Ақорда

Ақорда

Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Қос киенің сақшысы, Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясының Ұлттық күнімен құттықтады.

Бүгінде еліңіз – саяси тұрғыда іргесі берік, экономикасы тұрақты, Таяу Шығыстағы үлгі тұтар мемлекет, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Алдағы уақытта Сіздің басшылығыңызбен Корольдіктің дамуы баянды, мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Қазақстанның Шығанақтағы сенімді серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі саяси диалогқа негізделген қарым-қатынастар одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41