Америкалық сенаторлар Әзербайжанға санкция салу мәселесін көтерді

Олар Ереванға көмек беру туралы заң жобасын ұсынды

Sarbaz.kz редакторы
22/09/2023 - 20:18

Фотолар ашық дереккөзден

Фотолар ашық дереккөзден

Америкалық сенаторлар тобы, демократтар да, республикашылар да Арменияға, оның ішінде әскери көмек көрсету және Әзербайжанға санкциялар енгізу туралы заң жобасын жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Заң жобасына түсіндірме жазбада бұл Әзербайжан билігінің әрекеттеріне реакция екенін айтылады. Құжатта Таулы Қарабақтағы армяндарға гуманитарлық көмек көрсету, Әзербайжанды қауіпсіздік саласы бойынша көмек алу мүмкіндігінен айыру көзделіп отыр.

Заң жобасында, сонымен қатар Армения әскерін қаржыландыру, Таулы Қарабақ халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясын әзірлеу, армяндарға қарсы әрекеттері үшін Әлиев режиміне санкциялар енгізу қарастырылғанын атап өтті авторлар.

Олар АҚШ Мемлекеттік департаментіне Армения Республикасына шетелдік әскери қаржыландыру бағдарламасы бойынша көмек көрсетуді ұсынады. Олардың пікірінше, бұл бағдарлама Арменияның тәуелсіздігін, АҚШ-пен бірлескен жаттығуларды қолдау, армян қарулы күштерін болашақ ұлтаралық бітімгершілік операцияларына дайындауға мүмкіндік бермек.

«Біз Әзербайжанның Таулы Қарабақта этникалық армяндарды тазарту бойынша эскалациялық қадамдар жасап жатқанын көріп, қол қусырып отыра алмаймыз. Біз бұл заңды Таулы Қарабақтағы армяндарға жедел қолдау көрсету және Әзербайжан режимін адам құқықтарын бұзғаны және аймақтағы армяндарға қарсы агрессия әрекеттері үшін жауапқа тартуды қамтамасыз ету үшін тез арада қабылдауымыз керек», - деп түйіндеді америкалық сенаторлар.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91