Президент елордада су тапшылығына кінәлі адамдар жазалануы керектігін айтты

Мемлекет басшысы елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес өткізді

Sarbaz.kz редакторы
11/07/2023 - 22:06

Фото: Akorda.kz

Фото: Akorda.kz

Астананың инфрақұрылымына жауапты адамдар жұмысын адал атқармаған. Салғырттықтың салдарынан Астанада күрделі ахуал қалыптасты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Астананы жылумен қамтамасыз ету жүйесі орнықты болуы қажет. Бақылаусыз жүргізіліп жатқан құрылыс, сападан гөрі санға мән беру және жан-жақты ойластырылмаған шешімдер қаладағы өмірлік маңызы бар инфрақұрылымның тапшылығына алып келді. Қала басшылығы құрылыс компанияларының пайдасын емес, мемлекет пен азаматтардың мүддесін бәрінен биік қоюға тиіс», - деді Президент.

Жаздың басында су тапшылығы қатты сезілгенін тілге тиек еткен Мемлекет басшысы қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға жауапты адамдар жұмысын адал атқармағанын атап өтті.

«Бұл – нағыз салғырттық. Соның салдарынан осындай күрделі ахуал қалыптасты. Бұл салада қателікке мүлдем жол беруге болмайды. Сондықтан кінәлі адамдар тиісті жазасын алуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91