Ресейдегі мобилизация: бір жылда 1200-ден астам этникалық қазақ ҚР азаматтығын алды

Бір жылда Қазақстанға Ресейдің 2 995 643 азаматы кірген

Sarbaz.kz редакторы
22/09/2023 - 15:59

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Былтыр дәл осы күні көршілес Ресейде мобилизация жарияланғаны туралы хабар тараған. Салдарынан миллиондаған ресейлік елден кетуге бекінді. Тек алғашқы күні-ақ 5 мыңнан астам адам Қазақстан шекарасын кесіп өтті. Осы уақыт аралығында Қазақстанда қанша ресейлік тұрақтап қалғаны анықталды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы 22 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанға Ресейдің 2 995 643 азаматы кірген.

Осы аралықта 17 901 адам елде тұрақты тұруға рұқсат алған, сондай-ақ 3 041 ресейлік, оның ішінде 1 203 этникалық қазақ ҚР азаматтығын алыпты.

Ведомство мәліметінше, ресейліктердің арасында еліміздің заңнамаларын бұзғандары да бар. Мәселен, қөші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Ресейдің барлығы 5 474 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ 352 адам елден шығарылған екен.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91