Ақтөбеде көпқабатты үйде шыққан өрттен 25 адам құтқарылды

Оның ішінде 4 бала бар

Sarbaz.kz редакторы
22/09/2023 - 15:29

Ақтөбелік өрт сөндірушілер өрттен 25 адамды құтқарып, эвуакациялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

21 қыркүйек күні сағат 14:09-да Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы 101 пультіне хабарлама түсті.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында авто саты көмегімен 13 адамның, оның ішінде 4 баланың өмірі құтқарылды.

Баспалдақ маршы арқылы 12 адам эвакуацияланды, оның ішінде 2 бала бар.

Өрт сағат 14:16-де жойылды.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07