Атырау облысында құтқарушыларға жаңа техникалар тапсырылды

2023 жылы жергілікті бюджет есебінен 11 бірлік жедел автокөлік сатып алынды

Sarbaz.kz редакторы
21/09/2023 - 23:35

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

Атырау облысы әкімдігінің жыл сайынғы қолдауының арқасында Атырау облысы ТЖД бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңімен жарақтандыру және нығайту жүзеге асырылуда. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылы жергілікті бюджет есебінен 11 бірлік жедел автокөлік сатып алынды.

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов пен Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев жаңа автокөліктердің кілттерін құрылымдық бөлімдер басшыларына салтанатты түрде табыс етті.

Сырым Шәріпханов азаматтық қорғау қызметінің жұмыс сапасы одан әрі артатынына сенім білдірді.

Құтқару бөлімшелерінің техникалық жарақтандырылуын арттыру авариялық-құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп ТЖ министрі атап өтті.

Сонымен қатар, министр облыс әкімінің орынбасарымен бірге жергілікті бюджет есебінен алынған авариялық-құтқару құралдары мен техникаларын қарады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91