АҚШ-тан тапсырыс арқылы есірткі жеткізіп, сатпақ болған: Астананың екі тұрғыны сотталды

Сот үкімі шықты

Sarbaz.kz редакторы
21/09/2023 - 20:30

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі агенттігі таратқан хабарламаға сәйкес, екі астаналық АҚШ-тан сәлемдеме арқылы алған есірткіні сатпақ болғаны үшін 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Елордада «бақыланатын жеткізу» жедел іздестіру іс-шаралары барысында АҚШ-тан хат келіп түскен Астана қаласының тұрғындары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардан аса ірі мөлшердегі «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленд», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар олар есірткі заттарының жарнамасын орналастырып, оны Telegram арқылы сатуды жоспарлағанын айтты.

«Сот үкімімен екі кінәлі адам 7 жыл 8 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды», - дейді ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ата-аналарды баласының мінез-құлқына, денсаулығына, сонымен бірге әлеуметтік желілердегі парақшалары, әрекеттері мен не сатып алып жатқанына назар аударуға шақырды.

Тыйым салынған сәлемдеме 2023 жылдың мамырында белгілі болды. Одан кейін олардың АҚШ-тан Алматыға ойыншық қорапқа салып есірткі әкелмек болғаны хабарланды. Сәлемдемені Астана қаласының тұрғыны қабылдап, одан әрі орау үшін басқа азаматқа тапсырған.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91