Астанада 14 жастағы жасөспірім 12-қабаттан құлап кетті

Қайғылы оқиға «Триумф» тұрғын үй кешенінде болған

Sarbaz.kz редакторы
21/09/2023 - 18:50

Астанада 14 жастағы жасөспірім 12-қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сүйенсек, қайғылы оқиға «Триумф» тұрғын үй кешенінде болған.

«20 қыркүйекте Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол үйдің терезесінен құлап кеткен. Бұл факті ҚР ҚК 105-бабының («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») 3-б бойынша тіркелді.

Ведомствода оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының негізінде, тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді», - деп қосты елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тегтер

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02