Астанадағы интернет пен ұялы байланыстың сапасы сын көтермейді — Президент

Бұл қала экономикасына елеулі зиян келтіреді

Sarbaz.kz редакторы
11/07/2023 - 21:47

Фото: Akorda.kz

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте интернет пен ұялы байланыстың сапасын сынға алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Қазіргі цифрлық өркениет пен білім экономикасы жағдайында адамның, әсіресе қала тұрғынының басты қажеттіліктерінің бірі – Интернеттің қолжетімділігі. Біз барлық жерде Астананы ақылды қала және аймақтық IT хаб ретінде жариялап жүрміз, бұл автоматты түрде негізгі цифрлық инфрақұрылымның жоғары сапасын білдіреді. Дегенмен елордадағы интернет пен ұялы байланыстың тұрақтылығы көңіл көншітпейді. Бұл тұрғындарға жайсыздық әкеліп қана қоймай, қала экономикасына елеулі зиян келтіреді, елорда қонақтарына өте жағымсыз әсер қалдырады», - деді Тоқаев Астананы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91