Қазақстан командасы «Қазқұтқару-2023» жарысының жеңімпазы атанды

Екінші орын Өзбекстан Республикасының құтқарушылар командасына берілді

Sarbaz.kz редакторы
21/09/2023 - 17:51

«Жартас қала – Астана» оқу полигонында құтқару көпсайысы бойынша «Қазқұтқару-2023» халықаралық жарыстарының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Жарысқа түркі мемлекеттері Ұйымының құтқару бөлімшелері – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия (байқаушы-команда) қатысты.

Жеті күн ішінде командалар «Техногендік апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Акваториядағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Табиғи ортадағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Бедерлі жер бойынша кросс» және «Кешенді-күштік жаттығулар» қашықтықтарынан өтті.

Біріншілік үшін шиеленісті күрестің қорытындысы бойынша «Қазқұтқару-2023» чемпиондары Қазақстан командасы – Қызылорда облысының Жедел-құтқару жасағы болды. Республикалық жедел-құтқару жасағының (Қазақстан) командасы вице-чемпион деп жарияланды. Екінші орын Өзбекстан Республикасының құтқарушылар командасына берілді. Үшінші орында – Қырғызстанның құтқарушылары.

ҚР ТЖ вице-министрі Бауыржан Сыздықов жеңімпаздарға еңбек сіңірген наградаларын табыс етті.

Жыл сайын өткізілетін «Қазқұтқару» жарысы құтқару ісіндегі аса маңызды іс-шаралардың біріне айналды, жарыстарда құтқарушылар адам өмірін құтқару шеберлігі мен дағдыларын шыңдайды, практикалық тәжірибе алмасуды жүзеге асырады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91