Елімізде қай саланың мамандары сұранысқа ие?

Жыл санап еңбек нарығының аясы кеңейіп келеді

Sarbaz.kz редакторы
20/09/2023 - 23:29

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Еңбек министрлігі елімізде нарық сұранысына ие мамандықтар мен қызметтерді атады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Бізде арнайы орталық еңбек нарығына талдау жүргізеді. Соның нәтижесінде ай сайын ел аумағында қандай мамандықтарға сұраныстың бары анықталады. Қазір алдымен гуманитарлық сала мамандықтары, қызмет көрсету және IT мамандары сұранысқа ие. Біз 2030 жылға қарай орта мерзімге еңбек нарығына талдау жасаймыз. Сол арқылы ТОП-10 мамандық иесі анықталады», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде жұмыс іздеп, табудың заманауи түрлі әдістері бар.

«Пандемиядан кейін жұмыс форматтары өзгерді. Мысалы, онлайн жұмыс, фрилансер, жарты күндік жұмыс, курьерлік және такси қызметі. Жыл санап еңбек нарығының аясы кеңейіп келеді», - дейді ол.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың мәлімдеуінше, экономиканың шамамен 8 саласына бағалау жүргізілді.

Айтуынша, 200-ге жуық жаңа кәсіп, 100-ге жуық трансформациялаушы кәсіп анықталды. Сондай-ақ алдағы жылдары жоғалып кететін кәсіптер белгілі болды.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07