Самат Әбішке қаңтар оқиғасы бойынша қандай айып тағылды?

Тергеу қорытындысы бойынша заңды іс жүргізу шешімі қабылданатын болады

Sarbaz.kz редакторы
20/09/2023 - 15:49

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты «қаңтар оқиғасы» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты.

«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды», - деп жазылған Бас прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар қадағалау ведомствосы Конституция нормаларына сәйкес заң мен сот алдында бәрі тең екенін атап өтті.

Тергеу қорытындысы бойынша заңды іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

Бұл жағдайды Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай да растады.

«Самат Әбіш Қазақстанда. Оның елден кетпеу туралы қолхаты бар. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді ол.

Осыған дейін Бас прокурор Берік Асылов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштен куәгер ретінде жауап алынғанын мәлім еткен болатын.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91