Президент елорданың мәселелерін шешу үшін Жеңіс Қасымбекке бір жыл уақыт берді

Тоқаев айтылған міндеттерді дер кезінде әрі сапалы орындау керектігін қадап айтты

Sarbaz.kz редакторы
11/07/2023 - 21:07

Фото: Akorda.kz

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке қаланың ахуалын жақсы жағына қарай өзгерту үшін бір жыл уақыт берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Президент ең алдымен, бүгін айтылған міндеттерді дер кезінде әрі сапалы орындау керектігін қадап айтты.

«Астана бас қала деген атауға лайық болуға тиіс. Астана көркейсе, бүкіл еліміздің еңсесі биік болады.

Астана Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі өзгерістерге ұйытқы болуы керек. Жалпы, қаланың күнделікті тыныс-тіршілігі ұдайы назарда болуға тиіс. Әкімге қаланың ахуалын жақсы жағына қарай өзгерту үшін бір жыл уақыт беремін. Сіздің жұмысыңыз менің бақылауымда болады. Барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Бірақ жұмыстың негізгі өзегі – сіздің қолыңызда. Табыс тілеймін!» - деді Президент.

×

Редакция

$ 478.96  533.03  5.22