Астанада тұрғын үй ауласынан әйел адамның мәйіті табылды

Ол 53 жастағы елорда тұрғыны болып шықты

Sarbaz.kz редакторы
19/09/2023 - 21:23

Көрекі фото ашық дереккөзден

Көрекі фото ашық дереккөзден

Елордада тұрғын үй ауласынан әйел адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы Sarbaz.kz Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2023 жылғы 19 қыркүйекте Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үй ауласынан әйелдің денесі табылды (зорлау белгілері жоқ). Қазір қайтыс болған адамның жеке басы анықталды. Ол 53 жастағы елорда тұрғыны», - делінген мәліметте.

Полиция департаментінің дерегінше, бүгінде сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85