Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаянын жақсы білетінін айтты
Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтері жанында Қазақстан Президентімен күтпеген кездесу болды. Аталған ұйымның қызметкері Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді сұраған. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі журналист Әділ Балтабаевтың телеграм-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
БҰҰ-ның қызметкері Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаянын жақсы білетінін және бір кездері осы ұйымның бас хатшысының орынбасары болғанын айтты.
«Қазақстан Президентімен жай ғана амандасқым келді. Өйткені оның өте беделді екенін және Қытайдың жақын досы екенін білемін. Ол маған қытайша: «Иә, Қытай мен Қазақстан – біз доспыз» деді. Бірер сөз ғана. Қатты толқып тұрмын», – деді Қытай дипломаты әңгімеден алған әсерімен бөлісіп.