Мемлекет басшысы әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды құттықтады

Ол 92 келі салмақ дәрежесінде еркін күрестен алғаш рет әлем чемпионы атанды

Sarbaz.kz редакторы
19/09/2023 - 16:02

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды құттықтады, деп хабарлады Sarbaz.kz.

«Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін», – деді Президент.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан 92 келі салмақ дәрежесінде еркін күрестен алғаш рет әлем чемпионы атанды.

Тегтер

×

Редакция

$ 472.57  508.34  5.4