Астанада банк бөлімшесіне шабуыл жасаған ер адам 7,5 жылға сотталды

Үкімді Астана қаласы қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты шығарды

Sarbaz.kz редакторы
18/09/2023 - 20:15

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Kaspi Bank бөлімшесінің қызметкерлерін кепілге алып, ақша аударуды талап еткен астаналық Әлихан Мурадов 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімді Астана қаласы қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты шығарды.

«Әлихан Мұрадовты Қылмыстық кодекстің 261-бап, 2-бөлім, 4 және 8, 9-тармақтары бойынша (4 және 8-тармақтар қаруды немесе заттарды қолдана отырып, екі және одан да көп адамды кепілге алу) кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деді судья Әбинұр Қарабаев.

Сот шешімімен айыптыны қамауда ұстау уақыты яғни 2023 жылғы 18 маусымнан бастап үкім заңды күшіне енгенге дейін орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеген 1,5 күн үшін қамауда ұстаудың 1 күні есебінен жаза мерзіміне есептеледі. Жазаны өтеу мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен басталады.

Сондай-ақ, Әлихан Мурадов БАҚ өкілдерінің сот үкімімен келісесіз бе, аппеляциялық шағым түсіресіз бе деген сауалға «жоқ» деп жауап берді.

Айта кетейік биыл 18 маусымда қаруланған ер адам елордадағы Kaspi банк ғимаратында бірнеше кісіні тұтқында ұстап отырды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85