Елімізде орташа зейнетақы мөлшері 120 мың теңгеден асты – министрлік

Еліміздегі зейнеткерлер саны – 2 миллион 305 мың адам

Sarbaz.kz редакторы
18/09/2023 - 18:26

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде еліміздегі орташа зейнетақының мөлшері айтылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 200,8 миллиард теңге көлемінде зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 675,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 525,6 млрд теңге қарастырылған.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны 2 миллион 305 мың адамды құрайды.

«2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 937 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 072 теңге, базалық зейнетақы – 37 865 теңге», – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, тамыз айында жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 923 теңгені құрады.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94