Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 млн іс құпиясыздандырылды

311 мың адам мәжбүрлі, арнайы қоныс аударылғандар және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар қатарынан ақталды

Sarbaz.kz редакторы
18/09/2023 - 17:46

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда 1929-1956 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллионнан астам мұрағат карталарының кұпиясы ашылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметке сәйкес, 251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі Президент мұрағатына тапсырылды. Кейін олар мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады.

Жылдың соңына дейін 265 мың іс өткізіледі. Тағы 311 мың адам мәжбүрлі, арнайы қоныс аударылғандар және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар қатарынан ақталды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85