Көкшетауда жалға берілетін тұрғын үй бағасы бір жылда 45,5%-ға өскен

Қазақстанда жалға берілетін баспана бір жылда 27%-ға қымбаттады

Sarbaz.kz редакторы
11/07/2023 - 19:01

Көрнекі фото ашық дереккөзден

Көрнекі фото ашық дереккөзден

Ұлттық статистика бюросының 11 шілдедегі мәліметінше елімізде 2022 жылдың маусымымен салыстырғанда пәтерлерді жалға алу бағасы 26,8% өсті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

2023 жылғы маусымда Қазақстанда қайталама нарықтағы пәтер бағасы 2022 жылғы маусыммен салыстырғанда 1,9%, ал жаңа тұрғын үйлерді сату 5% өскен.

Жаңа құрылыстардағы пәтерлер Павлодарда (+18,1%), Ақтауда (+18%) және Семейде (+16%) едәуір қымбаттаған. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімі бойынша Семейде (+29,9%), Ақтөбеде (+22,4%) өсті. Қызылорда (+19%) және Қостанай (+18,8%) көш бастап тұр.

Жалға берілетін тұрғын үйге келетін болсақ, оның бағасы бітұр жыл ішінде Көкшетауда (+45,5%), Петропавлда (+41,5%), Ақтауда (+41,1%) және Алматыда (+38,8%) айтарлықтай өскен.

Маусым айында республика бойынша тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 29 880 мәміле тіркелген. Оның ішінде 21 993 пәтер және 7 887 жеке тұрғын үй. Мамырмен салыстырғанда транзакциялар саны 16,8%-ға өсті.  Олардың басым бөлігі Алматы мен Астанада тіркелді. Қазақстанда көбіне екі бөлмелі пәтер сатады. Жалпы, жыл ішінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,7% қысқарды.

Осыған дейін Қазақстанда пәтер жалдау бағасының өсуі бойынша Алматы, Петропавл және Көкшетау көш бастап тұрған.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85