Әділет министрлігінің қызметкері ретінде таныстырады: алаяқтардың жаңа әдіс-тәсілі

ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли тұрғындарды соңғы кездері жиілеп кеткен алаяқтық әрекеттерден сақтануға шақырды

Sarbaz.kz редакторы
18/09/2023 - 16:51

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Өздерін Әділет органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып жүрген алаяқтар азаматтарды сендіру үшін мемлекеттік қызметшінің ID карталарын көрсетуде. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, алаяқтар азаматтарға хабарласып, өздерін Әділет министрлігінің басшылары немесе қызметкерлері ретінде таныстырып, жеке деректерін сұрауда.

«Осыған орай, Әділет министрлігі бейтаныс азаматтарға немесе телефон шалған бөтен тұлғалар мен интернет-ресурстарға дербес деректері туралы (жеке куәлік деректері, ЖСН нөмірі, банк карточкаларының мәліметі, мекенжайы – ред.) мәліметтерін таратпауды сұрайды. Әділет министрлігінің қызметкерлері телефон арқылы азаматтардың жеке деректерін сұратпайды. Егер де сіз аталған фактілермен бетпе-бет келген болсаңыз, құқық қорғау органдарына хабарласуыңыз қажет», - деді Талғат Уәли.

Әділет министрлігінің қызметі туралы қандай да бір ақпарат алғыңыз келсе, 119 нөмірі арқылы Call орталыққа хабарласуыңызға болады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91