Граната, есірткі, оқ-дәрі: ҰҚК қылмыстық топтың мүшелерін ұстады

Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр

Sarbaz.kz редакторы
11/07/2023 - 16:37

Фото: ҚР ҰҚК

Фото: ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады. Күдіктілерден Калашников автоматы, Макаров тапаншасы, жауынгерлік граната және есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) 5 белсенді мүшесі ұсталды.

Топ мүшелері денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сату мақсатында аса ірі көлемде есірткі сақтау, қару мен оқ-дәріні заңсыз тасымалдау және сақтау қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген.

Үш күдікті тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды, қалғандарына қатысты қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

«Қолданылған шаралар Алматы қаласының қылмыстық ахуалын жақсартуға және қылмыстық ортаның қоғамға әсерін әлсіретуге бағытталған», – деп мәлімдеді ҰҚК.

Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85