671 адам прокурорлармен қызметтік үй-жайлар мен изоляторлардан босатылды
Қазақстанда қылмыс деңгейі 15,2%-ға төмендеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Нақтырақ айтқанда аса ауыр қылмыстар 4,1%-ға (1 693 - 1 624), ауыр қылмыстар 16,5%- ға (31 128 - 25 990), ауырлығы орташа қылмыстар 17,9%-ға (49 762 - 40 857), онша ауыр емес қылмыстар 9,8%-ға (17 514 - 15 793) қысқарған.
Тергеуді қадағалау шеңберінде прокурорлар 57 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатқан.
Прокурорлардың көмегімен 671 адам қызметтік үй-жайлар мен изоляторлардан босатылды.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу әрекеттерінің саны саны 14%-ға қысқарды.
9 тұлға прокурорлар актісімен ақталды.